Көктем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көктем» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4719
Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты.
Сылдыр-сылдыр бұлақтар,
Сыбдыр-сыбдыр құрақтар,
Күрт-күрт орып құр аттар,
Сырт-сырт ойнар лақтар.
Көбелектер көлбеңдеп,
Ебелектер елбеңдеп,
Қаз-үйректер кердеңдеп,
Ұшып жатыр көлден көп,
Күлім қағып күн шығып,
Күн нұрымен бір шығып,
Ел еңбекке құлшынып,
Қыза түскен тіршілік.
Кешке оралып мал қырдан,
Ауыл маңын даң қылған.
Көктем күні ән-думан,
Қуанады балдырған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері