Мешіт һәм абақты – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Мешіт һәм абақты» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Б а л a :
Әкетай, мынау не үй ұзын мойын,
Тым ірі, ұлық ұстап тұрған бойын?
Басына шыққан адам білер еді-ау
Сырын айтпас қаракөк көктің ойын.
Тып-тыныш бұл үйге, әке, кім барады?
Тыныштықта қасиетті кім қалады?
Биікте көк күңіреніп сыр айтқанда,
Бақытты кім көзінен жас тамады?

Ә к е:
Бұл үйді мешіт дейді, құлыншағым,
Ерігіп, қуған болып ата заңын,
Анда-санда домалап бармағы үшін,
Салдырған өзіне арнап «жуан қарын».
Бес минут «жатып-тұрып», жуып алмақ
Былғанған бұзықтықпен ұят-арын.
Шығатын жоғарыға молдасы да
Азанмен құттықтайды қарын таңын.
Бұл мешіт - Көк үйі емес, қарын үйі,
Көргің келсе, барып көр мал базарын.

Б а л a :
Әкетай, анау не үй түсі суық?
Жанына жібермейді жанды жуық.
Терезесі темірлі, көр - есігі,
Қабырғасын қойған ба қанмен жуып?
Тас қима, темір қақпа, шойын құлып.
Тым-тырыс. Жалғыз-ақ жел тұр ғой ұлып.
Сасықта, қараңғыда аш, ауру
Кім жатыр екен, әке, тірі өліп?

Ә к е:
Жиһанда бір жас жан бар, Қиял аты,
Мәңгі ойнайтын, сөнбейтін сәуле заты.
Жанға жан беретұғын тәтті жырлы,
Меруерттен тізілген қос қанаты.
Ұшып жүріп жырымен жанды ояту -
Жас Қиялдың ежелден бар мұраты.
Тірі жанға жырламақ тәтті жырын,
Адамзаттың жоқ оған жақын-жаты.
Жиһанда бар нәрсені жаратқан сол,
Тәңірі бар бір ғана - Қиял аты...
Анау үйді адамзат абақты дер,
Адам - доңыз, еменнің тамырын жер.
Тәңірісі, жан жыры Қиялға арнап,
Сонау үйді салған ол болсын деп көр.
Көремісің күзетшіні жүрген жарап,
Қабақ түйіп, терезеге қойған қарап?
Есалаң малданып жүр: «Қиялды ұстап,
Тарихтың таңында,- деп,- қойдым қамап!»
Есалаң! Қиял қайда?.. Қиял кезбек,
Жиһанда ақ қанатпен ылғи жүзбек.
Жердегі жары - «жанды» жұбатуға,
Тоқтаусыз Көк үнінен әндер тізбек.
Балам, енді білдің ғой, ол - абақты,
Ашуменен түйіп тұр ол қабақты.
«Қиялды ұстап, жаптым!»- деп бос малданған
Ақымақ деп болмай ма адамзатты?!


Пікірлер (3)

Амина

магжаннын олендеры керемет

Ақтілек

Өте керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мешіт һәм абақты өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Мешіт һәм абақты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мешіт һәм абақты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мешіт һәм абақты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері