Бөбектер жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бөбектер жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2154
Оянамыз таң нұрымен,
Аттанамыз бақшаға.
Қарсы алады ән-жырымен
Бақшамызда жақсы ана.

Қайырмасы

Қызғалдақтай гүл жайнаған
Бақшамызға қараңыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Біз бақытты баламыз.

Кешке дейін еңбек етіп,
Келгенінше анамыз,
Біз де үйден ертелетіп
Бақшамызға барамыз.

Қайырмасы:

Қызғалдақтай гүл жайнаған
Бақшамызға қараңыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Біз бақытты баламыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөбектер жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бөбектер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөбектер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөбектер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері