Бөбектер жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бөбектер жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2193
Оянамыз таң нұрымен,
Аттанамыз бақшаға.
Қарсы алады ән-жырымен
Бақшамызда жақсы ана.

Қайырмасы

Қызғалдақтай гүл жайнаған
Бақшамызға қараңыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Біз бақытты баламыз.

Кешке дейін еңбек етіп,
Келгенінше анамыз,
Біз де үйден ертелетіп
Бақшамызға барамыз.

Қайырмасы:

Қызғалдақтай гүл жайнаған
Бақшамызға қараңыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Біз бақытты баламыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері