Саяхатта – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Саяхатта» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3323
Саяхаттап келеміз
Туған жердің төрінде.
Кекке жетіп төбеміз,
Ән келеді көңілге

Қайырмасы:
Байтақ дала, бай дала,
Көз жеткісіз айнала.
Саяхатта, сайранда

Қуанышты қайда да.
Аққу, үйрек, қаз қонып
Күйге толған көлдері.
Маңырайды мәз болып,
Малымыздың төлдері.

Қайырмасы:

Қырда қызыл қызғалдақ,
Жұпар исін шашады.
Тыңдағы егін тұнған бақ,
Жайқалады масағы.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері