Таңым тамаша – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Таңым тамаша» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2331
Тамылжыған табиғат
Ұйқысынан оянып,
Алтын нұрмен әр үй, бақ
Шыға келді боянып.
Тербетеді тоғайды
Жыршы құстар жырымен.
Жадыратты маңайды
Тамылжыған үнімен.
Таңым қандай тамаша,
Күлімдейді көкте күн!
Мейірімді анаша
Қарсы алады мектебім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері