Эхоның мұңы

Бұл бетте «Эхоның мұңы» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1170
Тереңдік іздедім кеңдіктен,
Іздейді білемін ел біткен.
Көркіне жұтына қарайтын,
Нарыс* па ең, сен әлгі мен күткен!
Көңілді екенсің сен бүгін,
Қайтеміз әлемнің кеңдігін.
Құшағың кеңістік тар ғана,
Алдыңа жығылдым арлана.
Жығылған жоқпын мен, құладым,
Жанымды жайпады мың ағын.
Жаңғырық болмысым мазалап,
Келеді атыңды сұрағым.
Танығым келеді өзімді,
Табыстап беймаза сезімді.
Есіме түсіргім келеді,
Жаңғырмас жан болған кезімді.
Туғанын түсінбес,
Эхоның* бағы үшін!
Сәуірде солатын Нарысым.
Тау-тастан, орманнан іздеп жүр,
Өзіңді Жаңғырық-намысың!

Нарыс* – Нарцисс
Эхо мен Нарцисс туралы көне грек мифі


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эхоның мұңы өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Эхоның мұңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эхоның мұңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эхоның мұңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері