Тілдесу

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 692
О, зарлы бақ, зарлы бақ!
Ояндың ба, өз қайғыңнан қалжырап.
Қарт теректің қабағында қарыс мұң,
Қаусап біткен иықтары салбырап.
О, зарлы бақ, жетім бақ!
Сүркей түннен ояндыңдар не тыңдап.
Желікті ме қыстың суық бораны,
Сәби талдың аяқ-қолын отындап.
Өзіңдегі қасіретті, қайғыны,
Түсіне алар адамдардың қай бірі.
Өліп-өшіп құлады ма үстіңе,
Ақ кебінді албастыдай Ай нұры?
Дүниеге тірлік отын маздатқан,
Көктем келер шуақ шашып жан-жақтан.
Жаудан қашқан жалғыз кемпір секілді,
Шашын жайып жоғалады қарлы ақпан.
...О, зарлы бақ,
Мұңлы бақ!
Баурайыңда тулайды әлі мың бұлақ.
Сонда екеуміз оянамыз бірлікте,
Қара түннің кеудесінен ұрғылап!

08. 02. 2003ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілдесу өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Тілдесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тілдесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілдесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері