Өрмекші мен шыбын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өрмекші мен шыбын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 14851
Бip өрмекші зор қылып,
Жатыр еді тор құрып.
Шыбын айтты:
– Өрмекші,
Мұныңнан не өнбекші?
Таста да бос айланы,
Іс етсеңші пайдалы.
Өрмекші айтты:
– Шыбыным,
Ғұмыр емес ғұмырың.
Тасынарсың, толарсың,
Бәрінен құр қаларсың,
Торыма кеп қонарсың,
Сонда асым боларсың...
Шыбын көпке бармады,
Құрып қойған жардағы
Торға келіп шырмалды,
Құтылам деп тырбанды.
Ары-бері жұлқылап,
Шыбын жаны шырқырап,
Ақырғы рет үн шықты,
Демі бітіп, тұншықты.
* * *
Мысал мәнін ұғынғын:
Keйпін киіп Шыбынның,
Тор құрылып жатқанда,
Мықтымын деп мақтанба.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрмекші мен шыбын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өрмекші мен шыбын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрмекші мен шыбын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрмекші мен шыбын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері