Назгүл мен Гүлназ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Назгүл мен Гүлназ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2988
Аялайды анасы
Назгүл менен Гүлназды.
Анасының панасы,
Екеуі де шын назды.
Деп: «Қыздарым – мақтаным,
Ана әнге салады.
Атай қалса аттарын,
Ауыстырып алады.
Шұғыладай жаз күнгі
Ана үні тым назды:
«Гүлназ!» – дейді Назгүлді,
«Назгүл!» – дейді Гүлназды.
Екі есім де, білгенге,
Екі сөзден тұрмай ма?
Жаңылысу бір демде
Мүмкін-ақ қой мұндайда.
«Гүл» шықса «Наз» алдына,
Гүлназ күлім қағады.
«Гүл» соңына барды ма –
Назгүл бола қалады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері