Айтерек – Күнтерек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айтерек – Күнтерек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1320
– Елден бұрын тым қатты
Қақпамызды кім қақты?
Айтерек те Күнтерек,
Айтшы, саған кім керек?
– Айтерек те Күнтерек,
Бұл менмін ғой – Күн-бөбек.
– Ұйқыда әлем-анашың,
Қайда асығып барасың?
– Айтерек те Күнтерек,
Маған әсем гүл керек.
– Ұясына күн батты,
Қақпамызды кім қақты?
– Айтерек те Күнтерек,
Айтшы, саған кім керек?
– Айтерек те Күнтерек,
Бұл менмін ғой – Гүл-бөбек.
– Кеш жүргенің жарай ма?
Ұйқтайды енді торай да.
– Айтерек те Күнтерек,
Маған нұрлы Күн керек.
Батқан күнге соңғы рет
Қарайын бір елжіреп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтерек – Күнтерек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айтерек – Күнтерек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтерек – Күнтерек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтерек – Күнтерек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері