Төрге шығу әлі бізге ерте ме

Бұл бетте «Төрге шығу әлі бізге ерте ме» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2879
Төрге шығу әлі бізге ерте ме?!
Ерте болса, турасын айт еркеңе.
Мен бәрібір диваныңа шалқаймай,
Құлай кетем жеңгей жайған көрпеңе.
Киіз үйді кернеп шалқар шабыт ән,
Қалалықты қыр ұлы боп қағытам.
Құрып кеткір галстукты лақтырып,
Омыраудың бар түймесін ағытам.
Жасы түгіл,
Жасамысы кішіріп,
Қонақтарды алады ауыл түсіріп..
Ет келгенде
Қоямын жай ақырын
Шанышқыны былайырақ ысырып..
Міне, осылай —
Келген сайын сағынып,—
Әдетімнен көрген емен жаңылып.
Киіз төсеп шөп салулы арбаға
Қалғып кетем атам тонын жамылып
Бір кездері әлдилеген жетімді
Әже түннің бесік жыры өтімді.
Тәтті ұйқымды әрең-әрең ашамын
Гүлге тұрған шықпен жуып бетімді..
Сыбызғысын безілдетіп сары масаң,
Сары белде сағымменен арбасам.
Куәлікке қырда туды делінген
Тұлпарлардың тұяғымен мөр басам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрге шығу әлі бізге ерте ме өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Төрге шығу әлі бізге ерте ме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрге шығу әлі бізге ерте ме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төрге шығу әлі бізге ерте ме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері