Концерттен соң

Бұл бетте «Концерттен соң» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 550
Концерт бiттi,
Бiреу гүлiн ұмсынып.
бiреу қолын соғып жатты құлшынып...
Алып сарай кеттi кенет теңселiп
бiр қарт кемпiр қалған кезде күрсiнiп...
Дегендей-ақ;
жанды тағы қозғашы
көрiнедi бiр кiсiнiң боз басы.
Селден бетер селт еткiздi ақынды
әлдекiмнен ыршып шыққан көз жасы.
Көз алдымнан өтiп бiр сәт боз далам
көкiректе шырақ жанды маздаған.
Сыңсып тұрған бiр үн сiңiп жүректе,
құлағымда бiр үн тұрды боздаған!
Сұлуырақ көрiндi де бұл жалған
үмiт-шыбық көктеп тұрды бүр жарған.
Кәдiмгi осы күн сәулесi секiлдi
сәуле тарап бара жатты бiр жаннан.
Теңестi де әлсiз адам күштiге,
нөсер жауды шөл-арманның үстiне.
Бiр жанарда жарқ-жұрқ еттi найзағай,
бiр жанардан жұлдыз ағып түстi де.
Қосылысып алаңдар мен алаңдар,
тiл қатысты замандар мен замандар...
Кеуделерi басқаша бiр күйге енiп
тарап жатты,
тарап жатты адамдар.
Тарап жатты –
таратып бiр күн нұрын,
оятып ап кеудесiнен мұң жырын, –
бұрынғыдан биiгiрек көрiнiп,
бұрынғыдан жақын тартып бiр-бiрiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Концерттен соң өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Концерттен соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Концерттен соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Концерттен соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері