«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып,

Бұл бетте ««Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып,» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1696
«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып,
Сүйгеніңді алып жүрме мұңайтып.
Кейбір сәтте керек емес сөзің де,
Сезіміңді қас-қабағың тұр айтып.

Талай-талай жақсылықты көз көрді,
Жаттап жүрдік тәтті, әдемі сөздерді.
Кейбір сөздің көп айтылған, алайда,
Жылдар өте мағынасы өзгерді.

Бұтақтағы жапырақтар дір еткен,
Долы желдің сесін көрген кіл өктем.
Қатты айтсаң да, айтсаң да сәл жұмсартып,
Ең жақсы сөз – шыққан сөзің жүректен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып, өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері