Өтеді күндер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өтеді күндер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1806
Әнін жазған Кенжебек Күмісбеков

Қандай нұрлы күлімдеген көздерің,
Қандай үнді сүйдім деген сөздерің.
Сен турғанда жаз гүліндей жайқалып,
Неғылайын өрімталын өзгенің.
Өтер күндер, өтер түндер білінбей,
Сырғымалы сиқыр сағат тіліндей.
Бірқалыпта қала бермес дүние,
Оңар жайлап текеметтің түріндей.
Тұрған кезде нұрландырып ажарың,
Тұрған кезде думан құрып базарың.
Еркелеші, еркелеші, сәулешім,
Қалықтасын сұлу сазды наз әнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері