Алматыма қарашы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алматыма қарашы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2956
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Жүрсең сен аясында Алматының,
Табасың саясында жанға тыным.
Қайтесің Қаратеңіз, Қырымдарды
Артық жер Алматыдан бар ма күнім?

Қайырмасы:
Қазағымның қаласы,
Алматыға қарашы.
Өркен жайып өрлеген,
Алматыға қарашы.
Алматыға қарашы.

Жастардың жарасымды жан жүрегі,
Жырлайды Алматы деп ән жүрегі.
Тамсанып кереметтей келбетіне,
Жарқ еткен жанарлардан таң күледі.

Қайырмасы.

Ақ басты аймалаған Алатауы,
Ақ үйлер, ақ шағала, ақ отауы.
Алматы әнді қала, сәнді қала,
Алматы қазағымныңбақ отауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері