Біздің ауыл Бестерек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Біздің ауыл Бестерек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2393
Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Тарбағатай тауының,
Баурайында ауылым.
Тамашалап қайтасың,
Ауылымның сауығын.
Көрмек болсаң көп қызық,
Біздерге кел, бауырым!

Қайырмасы:
Біздің ауыл Бестерек,
Ер жігітке ес керек.
Асылыңа біл қата,
Ән саласың шырқата,
Уау, Бестерек!

Сылдыраған бұлағы,
Сыбдыраған құрағы.
Бестеректің қыздары,
Шыңның бейне шынары.
Көрген жігіт ғашық боп,
Арта түскен құмары.

Қайырмасы:

Арай шашып алдыңнан,
Жүрегіңді жандырған.
Ауылымыз көңілді,
Аялаған ән-думан.
Мейірі мен пейілін,
Мәңгі есіңде қалдырған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ауыл Бестерек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Біздің ауыл Бестерек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ауыл Бестерек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ауыл Бестерек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері