Көтер, ана, басыңды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көтер, ана, басыңды» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7432
(Қайрат Рысқұлбековтің анасына хаты)

Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Кешір, ана, қысқа болды ғұмырым,
Үміт артқан құлады бір тұғырың.
Оныменен ортаймайды от басы,
Елі үшін құрбан болса бір ұлың.
Кешір, ана, қасіретті анашым,
Жамандыққа кім қияды баласын.
Желтоқсанның жан жылатқан желінде,
Жауыз жандар жапты-ау нақақ жаласын.

Қайырмасы:
Сабыр, ана, төге берме жасыңды,
Өтті-кетті жауынды күн жасынды.
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Көтер, ана көтер, ана, басыңды!

Кешір, ана, саналы да ұлы ана,
Аяусыздан аяушылық сұрама.
Бір боздағың кеткенімен құрбан боп,
Сағыңды ешкім сындыра алмас, сірә да.
Кешір, ана, жан едің ғой тамаша,
Түстім, рас, арым үшін араша.
Қаным күймей қайтіп қарап тұрайын,
Достарымды қабан иттер таласа?

Қайырмасы:
Кешір, ана, ақтығымды білемін,
Кісі қанын жүктейтұғын кім едім.
Адам түгіл торғай екеш торғайдың,
Тіршілігін қорғасам деп жүр едім.
Кешір, ана, аппақ еді тілегім,
Қыршынынан қиылды бір тірегің.
Желтоқсанда баба жолын ұстадым,
Аман болсын қазақ деген ұлы елім!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көтер, ана, басыңды өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көтер, ана, басыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көтер, ана, басыңды өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көтер, ана, басыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері