Әппақ қарлар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әппақ қарлар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2376
Әнін жазған Гүлнар Дәукенова

Әппақ қарлар мамық –
Пәктігім ғой анық.
Әппақ қарлар.
Ақ сақалды ата
Айтқан алғыс бата –
Әппақ қарлар.
Әппақ түсті мақта,
Әппақ қысқы бақ та,
Әппақ қарлар.
Таңдарым да әппақ,
Арманым да әппақ,
Әппақ қарлар.

Қайырмасы:
Әппақ қарлар таңым екен,
Әппақ қарлар жаным екен.
Әппақ қарлар арым екен,
Әппақ қарлар әнім екен.

Әппақ ана мейір,
Әппақ адал пейіл,
Әппақ қарлар.
Әппақ ынтық жүрек,
Әппақ ізгі тілек,
Әппақ қарлар.
Ай нұры да әппақ,
Айдыным да әппақ,
Әппақ қарлар.
Әппақ барлық әлем,
Ақ көңілден сәлем,
Әппақ қарлар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әппақ қарлар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әппақ қарлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әппақ қарлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әппақ қарлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері