Мәңгілік махаббатым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мәңгілік махаббатым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2306
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Балғын едім,
Шалғын едім
Құрақты.
Нәзік едім,
Наз үн едім
Бұлақты.
Ет жүрегім
Елжіреді еріксіз,
Сері бала,
Сені ғана
Ұнаттым.

Қайырмасы:
Бұл өмірдің –
Гүл өңірдің
Сәні не?
Шапағатсыз,
Махаббатсыз
Мәні не?

Жыр-әнім ең.
Қыраным ең,
Қымбатты.
Күндер қайда,
Түндер қайда
Тым тәтті?
Ұмыттың да,
Суыттың да
Жанымды,
Өмірімде,
Көңілімде
Мұң жатты.

Қайырмасы:

Табам деумен,
Алаңдаумен
Әлі де,
Құлақ түрдім
Шуақты үннің
Бәріне.
Қайда жүрсем –
Ойда бір сен,
Асылым,
Тосып келем,
Қосып келем
Әніме.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік махаббатым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік махаббатым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік махаббатым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік махаббатым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері