Ұрпақ үні

Бұл бетте «Ұрпақ үні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6732
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Аман болсам халқым үшін,
Халқым үшін – жалпың үшін,
Ата-бабам салып кеткен
Аянбаймын салтым үшін.
Шабытымның шалқуы үшін,
Жалғасады жарқын ісім.
Аялаймын асылымды,
Тоқталғанша бар тынысым.
Әнсіз, күйсіз неткен өмір –
Мағынасы кеткен өмір.
Ата салтын ақтамасаң,
Өкінішпен өткен өмір.
Әнмен, күймен өткен емір
Гүл-бәйшешек көктем өмір.
Келер ұрпақ бақыты үшін
Шұғыласын төккен өмір.
Асау өзен ағысындай,
Арғымақтың шабысындай.
Әндерім мен күйлерімді
Қорғап өтем намысымдай.
Асыл мұра – арым екен,
Бойымдағы дарын екен.
Сақтамасақ салтымызды,
Бұл өмірдің бәрі бекер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрпақ үні өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұрпақ үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұрпақ үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрпақ үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері