Отаным – ата заңымыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Отаным – ата заңымыз» атты Абдрахман Асылбек жазған отан туралы өлең берілген.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2286
Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Отаным деп оянам,
Алтын нұрға боянам.
Отаным – Ата заңымыз,
Асқақ әніміз,
Мәңгілік ел – Отаным,
Сенде таң боп атамын,
Сенде күн боп батамын.

Қайырмасы:
Отан деген асқақ ұғым,
Кең байтақ жерім бар.
Ата Заңым шашқан нұрын,
Егемен елім бар.
Жарқырай бер, әр күн Отан,
Әлемге даңқың бар.
Жаса мәңгі жарқын Отан,
Жасампаз халқың бар.

Отан деген – ақ ордам,
Бақыт құшқан бақ ордам.
Алтын арай таңымыз –
Ата Заңымыз.
Көкте көк ту-байрағы
Қанатын кең жайғаны –
Отанымның айбары.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері