Бұл бетте «Шылығына жалғанның шырматылдым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шылығына жалғанның шырматылдым,
Байланғанын қарашы, бірге ақылдың.
Жоғалтыппын санамды сандырақтап,
Ләззатына сезімнің құр батырдың.
Жалғандықты жалаңаш аймаладым,
Тыңдамадым пәктіктің байбаламын.
Басымды сап саудаға тентіредім,
Екі жақты күн кешіп дай боламын.
Шырматылдым шықпастай,
Шыланамын,
Желкесіне келіппін құламаның.
Бәтуасыз тірлігім бәлденеді,
Өлгім келді, иттікке шыдамадым.
Ажал неге келмейді қаңғалақтап?
Неге қинай береді жанған аптап?
Бір жапырақ жаным бар алыңдаршы,
Қоярсыңдар көк тасты балбал,
Ақтап.
… Көгілдірі көңілдің сұңқылдаған,
Шүйілдірді бұ жазған бұлтын маған.
Шындық қуып жүргенде қалт-құлт етіп,
Жарға ұра ма, тағдырым, бұлтылдаған?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі