Келме дедің – келдім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Келме дедің – келдім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1991
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Өзіңді көремін деген армандарым-ай,
Көрген кезде келбетіңе таңданғаным-ай.
Алғашқыда таң-тамаша тойда таныстық,
Жұмбақты бір ойда қалыстық.
Аңдаусыз басқаға көзім түсіп кетті ме?
Қызғаныштың оты сені қысып кетті ме?
Сырт айналып шыға келдің табан астында,
Бұлт айналып қабақ астында.

Қайырмасы:
Келме дедің, келдім, келіп тұрмын,
Айыбымды мен тегі сезіп тұрмын.
Аңсағаным сен, сен жүрегімде,
Махаббатым сен бұл өмірде.

Кейбір кез көңілде жеңіл желік болады,
Жігіттерде осындай да ерік болады.
Бәрібір мен сенен кетіп, қайда барамын?
Бір өзіңді қайта табамын.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келме дедің – келдім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Келме дедің – келдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келме дедің – келдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келме дедің – келдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері