Топ-топ, балақан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Топ-топ, балақан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 57852
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Біздер – үйдің гүліміз,
Біздер – үйдің күніміз.
Ата-анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз.
Біздер – үйдің сәніміз,
Біздер – үйдің нәріміз.
Әр күн бірге қосылып,
Ән саламыз бәріміз.

Қайырмасы:
Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.
Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.

Мәпелеген анамыз,
Әке деген – панамыз.
Кәмпит берсе біздерге,
Шын қуанып қаламыз.
Аман болсын анамыз,
Аман болсын панамыз.
Аман болса екеуі,
Жұлдыз болып жанамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Топ-топ, балақан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Топ-топ, балақан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Топ-топ, балақан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Топ-топ, балақан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері