Туған жерім – тұрағым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Туған жерім – тұрағым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3593
Туған жерім – тұрағым,
Тартады да тұрады.
Көрген сайын құмарым
Артады да тұрады.
Бұраңдаған белдерін
Қарап келем айнала.
Дөңгеленген көлдерін
Балап келем айнаға.
Сылаң қағып сылдырап,
Ағып жатыр бұлағы.
Сәлемдесіп, сыбдырап,
Танып жатыр құрағы.
Көз үйірген Қаратау–
Көп жүгірген төбешік.
Аржағында Алатау
Жатыр көкпен теңесіп.
Батысында – Келесі,
Шығысында – Таласы.
Құлпырып әр белесі,
Жатыр Жамбыл даласы.
Қарсы алады алдымнан
Жора-жолдас, ән-думан.
Балалықты балдырған
Осы жерде қалдырғам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерім – тұрағым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Туған жерім – тұрағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерім – тұрағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерім – тұрағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері