Сүйемін деуге ақылым жетпей – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сүйемін деуге ақылым жетпей» атты Абдрахман Асылбек жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1417
Сүйемін деуге ақылым жетпей,
Жетсе де ақыл, батылым жетпей,
Отырмын мүлгіп, түнеріп ойда,
Күндерім қайда, түндерім қайда,
Тұлпармен шабар тақымым кеппей?
Болса да қазір шаршаған шағым,
Өзіңсің мәңгі аңсаған әнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері