Өмірім - жолым – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Өмірім - жолым» атты Ерлан Ахмет жазған өмір туралы өлең берілген.

Сансыз жолдар - сансыз жылдар таңбасы,
Тағдырлардың тоғысатын арнасы.
Тоғыз жолдың торабында жатады
Бүгін менен болашақтың жалғасы.

Жолда көрген ақ таңым,
Жолдан күткен ақ түнім -
Менің ғажап шақтарым,
Менің нағыз шаттығым.

Даңғыл жолда табиғатқа таңдандым,
Қалықтадым қанатында арманның.
Тар жол, тайғақ кешкен кезде аңғардым
Шырағын да, сынағын да жалғанның.

Толғанамын Айдың көріп толғанын,
Жүрген сайын қысқарады жолдарым.
Бұл өмірге жолаушылап келген соң,
Тілеймін ғой жолдың ұзақ болғанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері