Бар тілегім бір сенде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бар тілегім бір сенде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2968
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Жаным-ау, жайдарлым,
Жарқырап жанасың жұлдыздай,
Көзіңнен айналдым,
Тартасың өзіңе құндыздай.

Қайырмасы:
Мен қайда жүрсем де,
Ойнасам да, күлсем де,
Сағынған сәулем-ау,
Бар тілегім бір сенде.
Айым да өзіңсің,
Жұлдызым да өзіңсің.
Бақытқа бөлеген,
Мөлдіреген сезімсің.
Бұлақтай мөлдірсің.

Еркем-ау, сен десем,
Желпінер жібектей қанатым.
Күн сайын көрмесем,
Таусылар төзім мен тағатым.

Қайырмасы.

Аңсаумен келемін,
Қазірше қашықтау арамыз.
Бәрібір сенемін,
Қашанда біз бірге боламыз.

Қайырмасы

Ойымда шырақсың,
Бойымдағы қуатсың.
Көгімнен төгілген
Көктемгі шуақсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері