Армандаймын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Армандаймын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 2593
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Кетпей қойды көптен бері,
Елесің көз алдымда.
Қызғалдақтай бөктердегі
Алауланып жандың ба?
Мені текке кінәлама,
Пәк едім ғой алдыңда.
Мазаладың,
Жазаладың,
Келмей қалдың да.
Келем дедің,
Келмей қалдың,
Айнып қалдың ба?

Қайырмасы:
Армандаймын,
Жалғыз қалғандаймын,
Ұғасың ба мені, жаным-ау?
Сен жаныма қайта келші,
Айта берші
Ғашық әнін-ау.

Жаз күніндей таңы қысқа
Уақыт тез өтер ме?
Махаббаттың әні қысқа
Деп ойлама бекерге.
Салған әнім сағыныштан
Жүрегіңе жетер ме?
Қинасаң да,
Қимасаң да,
Сенің еркіңде.
Қала берем,
Жана берем
Ғашық өртінде.

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Ханшайым

Арман

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Армандаймын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Армандаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Армандаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Армандаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері