Жедел жәрдем жеткенше

Бұл бетте «Жедел жәрдем жеткенше» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3261
– Ало! Ало!
– Скорыйды қосыңыз!
– Біразырақ тосыңыз...
Осылай бір үн шықты,
Үн шықты да тұншықты.
Жаңағы адам тағы да
Шырылдады жалына:
– Ало! Жөндеп тыңдаңыз,
– Сасып тұрмыз мұнда біз.
Шықты ар жақтан үн қатқыл:
– Жедел жәрдем тыңдап тұр.
– Ало!
Біреу құлап жатыр,
Ұзынынан сұлап жатыр.
– Қайда жатыр?
– Көшеде.
– Жас шамасы нешеде?
– Білмеймін,
Өзі де есі-түсін білмейді.
– Аты-жөні кім?
– Хабарым жоқ дым.
– Жасы қаншада?
– Айта алмаймын оншама.
Шамасы –
Отыз бен қырықтың арасы.
– Қандай бұйымы,
Қандай киімі бар?
Қолында сағаты бар,
Бір банка салаты бар.
– Ұлты кім?
Жұрты кім?
– Оны сайтаным біліп пе?
Армян ба, әлде түрік пе?
Қап-қара мұрты бар,
Дүрдиген ұрты бар.
– Ай, ағайын,
Дұрыс па ақыл сарайың?
Бізге керегі паспорты,
Адресі мен жас ғұрпы.
– Туысым ба, тумам ба?
Мұндай жан жоқ бұл маңда.
Оның бәрі құрысын,
Әрең алып жатыр тынысын.
– Кеселі неден деп ойлайсыз?
– Сұрақты неге қоймайсыз?
Не тамақтан ұшынған,
Не қояншықтан қысылған.
Тезірек жетсеңіздер екен,
Бір көмек етсеңіздер екен.
– Жаны шығып кетсе де шыдаңыз,
Қазір шығамыз.
Бізге соны ұқтыр,
Данныйын тағы бір толықтыр.
– Бейқамдық қой мұныңыз,
Өлтірдік-ау тірі біз.
Бейшара, Бейшараға не шара?
Разы болсын тәңірі,
Соқпай қалды тамыры.
Енді келмесеңіздер де болады,
Бірақ, кімге обалы?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жедел жәрдем жеткенше өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жедел жәрдем жеткенше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жедел жәрдем жеткенше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жедел жәрдем жеткенше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері