Колхоз даласында

Бұл бетте «Колхоз даласында» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 410
Асқар-асқар, таулы тастар
Зеңгір құзды шалқар көл,
Раушан гүлді,
Самал желді
Далада ескен
Колхоз ел.
Алтын масақ, меруерт шашады
Жайқалды егін қарашы!
Алтынданған,
Толқынданған
Елімнің шат
Даласы.
Таңғы өзендей гүрілдеген
Моторымен комбайн,
Өзі шауып,
Дәнді алып,
Көрдің бе
Тез жайнауын.
Лябиев ер — Комбайнер
Көк моторды Билеткен,
Елдің ұлы,
Күшті қолы,
Ырыс тапқан еңбекпен.
Комбайншы
Жас Лябиев,
Кідірмей оp,
Күшің мол.
— Оp егінді,
Бол егінді,
Сен жігерлі Комсомол!
Алтын самал күнге талас
Комбайн да көсілді.
Шалқар шалғын
Бидайды орып
Алдынан жел Есілді!
Күнге жарқ-жұрқ шағылысқан
Машинаның орағы.
Бидай жиған
Айналдырған
Зырлады
Тіл-қалағы.

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Колхоз даласында өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Колхоз даласында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Колхоз даласында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Колхоз даласында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері