Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1257
Алатау батыр басына
Дәрмені құрып,
Кенезесі кеуіп
Шөлдеп келгендер
Ойларына –
Суат табатын.
Діңкесі бітіп,
Қалжырап келгендер
Бойларына –
Қуат табатын.
Голощекиннің
Қатыгез заманы-ай! –
Біреудің бетіне
Тіктеп қарасаң,
Жусаң кетпейтін
Жала жабатын.
Сонда да
Қалың жұрт
Алатау батырға
Мінәжат етуге
Бара жататын.
Күндердің күнінде
Тұратын
Жанып жігерді –
Сол бір
Кесене-белгіні
Қып-қызыл біреулер –
Динамит қойып! –
Жарып жіберді...
Алатау батырдың
Рух күшінен
Қорыққан олар
Неткен үргелек еді?!
Бірақ та олар
Батырға деген
Махаббаттың
Ешқашан
Жойылмайтынын
Білмеген еді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері