«АТУ» – білім ордасы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте ««АТУ» – білім ордасы» атты Абдрахман Асылбек жазған білім туралы өлең берілген.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2544
Әнін жазған Мақсат Жүсіпов

Қоғамға аса қажет адамдарды –
Дайындап жатыр мықты мамандарды.
«АТУ» деп аталады оқу орны,
Жол ашқан озық ойлы заманға алғы.

Қайырмасы:
«АТУ» – білім ордасы,
Жарқын өмір жол басы.
Қанат қаққан қырандай
Талаптының жолдасы.
«АТУ» – орда замандық,
Сансыз сала мамандық.
Қалыптасар бұл жерде
Мамандық пен адамдық.

Қазақтың қанатты қыз, баласы көп,
Білімге бәрінің де таласы көп.
«АТУ»-да оқып жатыр таңдауымен,
Маңызды мамандықтың саласы көп.

Қайырмасы:

Жастарға «АТУ» жарқын жол ашады,
Құшағын қуанышпен мол ашады.
Ертеңі еліміздің – ертегідей,
Өркендер өрендермен болашағы.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері