Достарым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Достарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3097
Әнін жазған Ділмұрат Бахаров

Достық деген өмірде
Қуаныш қой көңілге,
Сағынуым тегін бе?
Менің мақтанашым
Достар – сөнбес сенімім
Көңілдегі көрігім,
Асу бермес берігім,
Алып асқарлы шың.
Достарым менің
Бақытқа бастайды шын.

Қайырмасы:
Достарым-ай достарым,
Ашық күнгі аспаным,
Өздеріңмен қағамын қанат,
Достарым-ай достарым
Мөлдіреген бастауым
Көздеріңнен қанамын нәр ап,
Достарым менің.

Достық деген – махаббат.
Алтын арай шапағат,
Болмас мінез жат, ағат;
Бірге туғандаймыз –
Достық деген әу бастан
Жақсылықпен жалғасқан,
Достық деген – ән дастан,
Қызық қуғандайымыз –
Достарым менің,
Шалқыта думандаймыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достарым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Достарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері