Тұтқын (М.Д.-ға хат)

Бұл бетте «Тұтқын (М.Д.-ға хат)» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.
Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,
Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректi азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!


Пікірлер (6)

мөлдір маулен

уау керемет іздеген өлеңімді таптым!

Нұрлан Қабыл

Сиздерге Алланың нұры жаусын
коп рахмет

Нурик

Көп рахмет


Рахмет

Сынбай Амина

Рахмет сiзге, бул олендi Олимпияда айтам урааааа

Аминаго

Амина

ЕРЖАН

Өте күшті ұйқасы келеді????????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтқын (М.Д.-ға хат) өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Тұтқын (М.Д.-ға хат) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұтқын (М.Д.-ға хат) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұтқын (М.Д.-ға хат) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері