Аяла мені – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аяла мені» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4570
Әнін жазған Ренат Ғайсин

Саған қолым жете ме?
Айтсам, сөзім өте ме?
Болсам жақын етене
Деп ойлаймын.
Көріп алтын басыңды,
Көңіл күйі ашылды.
Бір өзіңдей асылды
Көп ойлаймын.

Қайырмасы:
Аяла мені,
Аяла мені,
Қарап жүрмін жолыңа.
Бағала мені,
Шағала мені
Қондыршы тез қолыңа.

Көңіл бөлші азғана,
Жас жүректі жасқама,
Алданбашы басқаға,
Жалынамын.
Өмірімнің алауы,
Көңілімнің қалауы –
Бір сен ғана аяулы,
Жаным-әнім.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяла мені өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аяла мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяла мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяла мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері