Ұмытшақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұмытшақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1260
Тапсырып бір жұмысты,
Жұмсай қалсаң бір жаққа,
Орындамай бұл істі,
Қайтады інім бір шақта.
Ақырындап алдымен
Сұрай қалсаң мәнісін,
Дейді:
«Ұмытып қалдым мен
Айтқаныңның бәрісін».
Уақтылы оянып,
Жуылмайды қолы да.
Жатпайды оған ұялып,
Ұмытады оны да.
Ұнатады оны кім,
Ұмытса ылғи сабағын.
Ал, бірақ та сол інім,
Ұмытпай жүр тамағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмытшақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұмытшақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмытшақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмытшақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері