Пайғамбарды сағынғанда – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Пайғамбарды сағынғанда» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Пайғамбарды сағынғанда


Я, РасулуЛлаһ!
Сізді сағындым!
Арманым бір көру, жүзіңді лағыл нұр.
Мейірімге шөлдесем Өзіңді ойладым,
Қатыгез қоғамда қиналса жаным бір.

Шіркін-ай тумаппын сізбен бір уақытта,
Румайса анадай барушы ем жаныңа.
Сан түрлі сұрақтар жаудырып үнемі,
Жүрер ме ем дайын боп хадистер жазуға.

Ухуд пен Бәдірге бірге еріп барар ма ем?
Түнімен оқ жонып, сауыттар жамар ма ем?
Хандақта қылыш ап, ерлерше киініп -
Сафия анадай дұшпанды шабар ма ем?

Табукке жаяулап ерер ме ем соңыңнан,
Абу Зарр атадай адаспай жолымнан.
Каъб ибн Маликтей шын тәубе етер ме ем,
Күнәлі істерге абайсыз жолықсам...

"Ақаба антына" барар ма ем ілесіп,
Шын байғат берер ме ем, дін үшін күресіп.
Айша ана жазықсыз кінәлі болғанда,
Қорғар ма ем сөзбенен, ибн Салюльмен тіресіп.

Зайд ибн Сәбиттей ғұлама болар ма ем,
Құранды тері мен ағашқа жазар ма ем?
Үбай ибн Каъбтай білімді адам боп,
Перденің артында мол ілім алар ма ем...

Мың алғыс Сіз жайлы Сираны жеткізген,
Нұрсұлтан ініме, жүз сабақ өткізген.
Әр дәріс - Құран мен хадистің тәпсірі,
Пайғамбар өмірі - нұсқаулық сүннетке.

Дәріске қатысқан мың алғыс қыздарға,
Кіруді бұйыртсын Аллаһым Жәннатқа.
Білім - бұл шамшырақ, ерінбей алайық,
Ұялып қалмайық Бақиға барғанда!

Гүлмекен Қасенбайқызы
12.12.2025


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пайғамбарды сағынғанда өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Пайғамбарды сағынғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пайғамбарды сағынғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пайғамбарды сағынғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар