Тышқандар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тышқандар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1508
«Сіңлім менің, сездің бе сен сұмдықты?!
Тышқанға айтты қасындағы бір Тышқан, –
Байқаймысың, кемемізден су шықты,
Тесілген-ау бір тұстан.
Аз-ақ қалды шаюға су тұмсықты.
(Аяғы сәл суланған, айтар болсақ шындықты)
Бір ғажабы – капитан
Ішіп алып, адасқан-ау ақылдан.
Матростар кілең жалқау шетінен,
Еш тәртіп жоқ, кеткен бәрі бетімен.
Көпке жаңа айқай салдым, қақсадым:
Кемеміздің батуы деп қас қағым:
Ешкім құлақ аспады,
Мен оларға жалған айтып тұрғандай;
Анық қой бұл, трюмға көз тастаса,
Кеме өмірі бір сағаттан аспас-ау:
Шынымен-ақ өлеміз бе бір жандай?
Кемеден тез секірсек – сол өтімді.
Жер де жақын секілді!»
Екі Тышқан көк мұхитқа секірді,
Батып кетті, не тынды?
Ал, кемеміз енді біраз шамада
Аман-есен келіп жетті жағаға.
* * *
Сұрақ туар мұндайда:
Капитан ше, матрос ше, су қайда?
Рас, аз су болғаны,
Тез тыйылған ол-дағы,
Қауесет-тін қалғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тышқандар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тышқандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тышқандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тышқандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері