Сұрбойдақ сөзі
Бұл бетте «Сұрбойдақ сөзі» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырау тұрып, мұз қатып қалың мұртқа,
Шығып едім қыз таңдап қалыңдыққа.
Маған жаққан қыздарға өзім жақпай,
Күлкі болып оралдым тағы жұртқа.
Жастық шақтың білмеппін тез өтерін,
Күнде думан, той еді жүрген жерім.
Қыз жақтырмай қылжақтап жүргенімде,
Талай-талай кетіпті бұраң белім.
Қалыңдықсыз қашанғы жүремін мен?
Ентіктірген қорқамын жүрегімнен.
Қартаң тартқан қолыма бір қыз түссе
Айырылмас ем ұстатқан білегінен.
Жастық атты дәуренім,
Жарығындай сәуленің –
Жалт етіпті, өтіпті,
Іздеп соны әуремін.
1957
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі