Оянды қала – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Оянды қала» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1529
Әнін жазған Ғалым Есімбергенов

Таңғажайып таңғы қала?
Таңғы қала – сәнді қала,
Бар тіршілік қозғалыста,
Оянған жанды қала.
Бұл – арман қала,
Ән болған қала.

Қайырмасы:
Оянды қала арайлана,
Боянды нұрға бар айнала.
Таңданбайсың сен қалай ғана?
Көркіне қарай қала?

Оянды қала нұр айналып,
Жарым да менің шырайланып,
Құлпырды әлем мың айналып,
Бәрі де ұнай қалып.
Аяулы жан, ақылдасым,
Баға жетпес асыл басың,
Бар жақсының басындасың,
Қашанда қасымдасың.

Сен – іңкәрімсің,
Сен – сұңқарымсың.
Қандай ғажап ғашық болу,
Сыр пернесін басып көру.
Толқып тұрған сезіміңді
Тау суындай тасып-төгу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері