Ерсейіттің етігі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ерсейіттің етігі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1476
Шаң жуытпай, қасиетпен, қастермен,
Хром етік киіп келген әскерден.
Сықырлайтын ары-бері жүргенде,
Ерекше етіп Ерсейітті басқа елден.
Группада жігіттердің естісі,
Ауызында алтындаған қос тісі.
Ақыл айтса, батыл айтса Ерсейіт,
Қарсы келіп, таласпайтын еш кісі.
Керім жігіт – бидай өң бе, бозаң ба?
Етігіне жұқтырмайтын тозаң да.
Майлап, сүртіп, жаны қалмай жатқаны,
Елден бұрын тұрып алып азанда.
Содан кейін сабаққа ерте келеді,
Тегін емес, оның да бар себебі:
Ерекеңді қыздар тәуір көреді,
(Ол кездері, әрине, олар кем еді).
Группада екі-ақ қыз бар тек қана,
Жанарлары жайнап тұрған шоқ қана.
Сырласа алмай,
Сырттарынан сүзіліп,
Күллі жігіт көз тігетін тоқтала.
Қос бұрымы білектей боп өрілген,
Жұмыр жоннан тобығына төгілген.
Талап еді сол екеудің біреуі,
Айдай болып анадайдан көрінген.
Махаббатқа өзгелерден жетігі,
Ерсейіттің өзгеше ғой өтімі.
Сол сұлудың қытықтайтын жүрегін
Әсіресе, аяқтағы етігі.
Тыным таппай күн батты не таң атты,
Төңіректеп жүрді Ерсейіт Талапты.
Аяғында хром етік сықырлап,
Ақырында қызды өзіне қаратты.
Таңғажайып қуанышты күйге еніп,
Той жасалды – Тынды екеуі үйленіп.
Етік енді жақсы жерге жайғасты,
Ерсейіттен ерекше бір сый көріп.
Қаншама жыл,
Қаншама ай, күн өтіп,
Қаншалықты түлектерді түлетіп,
Шат көңілді,
Тәтті өмірді гүл етіп,
Махаббаттың тұғыры боп тұр етік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерсейіттің етігі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ерсейіттің етігі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерсейіттің етігі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерсейіттің етігі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері