Ағынан ақтарылып – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ағынан ақтарылып» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1247
Ашығын айтар болсам сыр жасырмай,
Мінезім мөлдір бұлақ жылғасындай.
Шапқылап ағып келем ақ бұлақ боп,
Аптығым әлі күнге бір басылмай.
Мен неге байыз тауып басыламын,
Тынымсыз толқын атып тасынамын.
Тыңдауға тамылжыған ғашық әнін,
Арайлы ақ таңдарға асығамын.
Қондырып әр адамның басына күн,
Келеді шуақ болып шашырағым.
Қиындық кезіксе де жасымадым,
Арманды асуларға асығамын.
Үңіліп әр отбасы, әр ұяға,
Жүгініп үлкен-кіші, кәрияға,
Ағынан ақтарылып ағатұғын
Айналғым келеді әппақ дарияға.
Ашығын айтар болсам сыр жасырмай,
Өмірім аз болса да бір ғасырдай,
Көңілім Хан-Тәңірдің тұлғасындай,
Тәңірім бірге жүрген құрдасымдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағынан ақтарылып өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ағынан ақтарылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағынан ақтарылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағынан ақтарылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері