Көрінгенмен кезінде ұсталығым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көрінгенмен кезінде ұсталығым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1328
Көрінгенмен кезінде ұсталығым,
Бола аламын кідерге нұсқа бүгін?
Азды күнгі қызыққа алданумен,
Аңдамаппын өмірдің қысқалығын.
Қабақ түйіп кей құрбы, тымырайды,
Туған ұл да тіл алмай, қыңырайды.
Өткен күнді ұзатып оралмасқа,
Мезгіл шіркін зымыран – зымырайды.
Қармағыма қаракөз ілінбейді,
Қолын бұлғап, алыстан күлімдейді.
Көңілдегі көп ойды жеткізе алмай,
Өн бойымды өкініш тілімдейді.
Мықтымын деп мен кіммен таласамын?
Мүмкіндіктен көп төмен – аласамын.
Бастар едім бәрін де, бәрін қайта,
Қайта оралып келсе бір бала шағым...
Өкінумен осылай өтеді адам,
Келтіре алмай қисынын, кетеді адам.
Сен жіберген толтырып олқылықты,
Жеткіншегің артыңнан жетеді аман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрінгенмен кезінде ұсталығым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көрінгенмен кезінде ұсталығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрінгенмен кезінде ұсталығым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрінгенмен кезінде ұсталығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері