Бұл бетте «Құндыз ішік, бұлғын бөрік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құндыз ішік, бұлғын бөрік,
Көз қуантар сәнге серік
Затсың бірақ, бір жаманың —
Бере алмайсың ақыл бөліп.
Мәз етесің тыраштарды,
Жүретұғын көкірек керіп,
Ыбыр-жыбыр аймағына
Сөз өргізіп, есек теріп.
Қазағым деп жаны ауырмас,
Бір күн ішіп жегенге мас.
Қызыл көрсе, оттай қызып,
Арғысына басы ауырмас.
Қаперге алмас қоғам мұңын,
Парықтамас заман сырын.
Ертеңімен әуресі жоқ,
Көргенге мәз бүгін күнін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі