Көздерің күліп тұрды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көздерің күліп тұрды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2246
Көздерің күліп тұрды,
Керемет сыр ұқтырды.
Сүйкімді сөздеріңе
Жүрегім жылып тұрды.
Бар нұрын биік көктің
Басыма үйіп-төктің.
Сол жолы өзіңді мен
Қалтқысыз сүйіп кеттім.
Бір досым былай шыға,
Сыр айтты сынай, сірә:
«Біреуге сене қалсаң,
Біржола құлайсың, ә?
Ақкөңіл аңғалым-ай,
Алдыңда аңда былай:
Лапылдап ере берме
Көрінген жанға бұлай.
Көзіңше күліп тұрып,
Ішіңе кіріп тұрып,
Біреуге жамандайды,
Сыртыңнан ұлып тұрып».
Досыма қосылмадым,
Тура айттым,
Тосылмадым:
«Орынсыз,
Жанға сенбей,
Осынша шошынғаның.
Жансын деп әманда ізгі ой,
Сол үшін алаңбыз ғой.
Түлкі емес, қасқыр емес,
Бауырмал адамбыз ғой.
Ешкіммен күндес емен,
Сенген соң мүлде сенем.
Адамға сенбегенде,
Айтшы өзің,
Кімге сенем?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздерің күліп тұрды өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көздерің күліп тұрды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздерің күліп тұрды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көздерің күліп тұрды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері