Қыран – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыран» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1260
Біз де жас болғанбыз,
Біз де мас болғанбыз.
Өмір деген – тұңғиық,
Туғаннан басталған құз.
Баласындай қыранның
Құз басынан құладың.
Жерге жетпей, қанатты
Қаға алсаң – шыдадың.
Құласаң, кім боларсың? –
Тас-талқан күл боларсың.
Құламасаң, кім боларсың? –
Керемет пір боларсың.
Шыңға барып қонарсың,
Нағыз қыран боларсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері