Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 2
  • 8358
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!
Сенімен тоқсан толғап тебіренем,
Сенімен елім үшін еміренем.
Сенімен өмір дарқан, өмір ерен,
Сенімен өмір тарих, өмір өлең.
Сенімен сарапталып шешендігім,
Сенімен мадақталған көсемдігім.
Сенімен ел алдында есем мығым,
Сенімен ел алдында өсем бүгін.
Сенімен бағаланып батырлығым,
Сенімен арта түскен ақындығым.
Сенімен сөйлегенде шат үндімін,
Сенімен сөйлегенде ақылдымын.
Сенімен сараланып саналығым,
Сенімен дараланған даналығым.
Алтай мен Атыраудың аралығын
Өзіңсің тұтастырған нар алыбым.
Тамсанып, кәусарыма санай жұттым,
Сенімен алаулаған талай мықтым:
Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,
Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым.
Сенімен мейірімді анамды ұқтым,
Сенімен мейірімді даламды ұқтым.
Сенімен жолын кесіп арамдықтың,
Шыңына көтерілдім адамдықтың.
Сенімен мәнін ұқтым тірлігімнің,
Сенімен әлін ұқтым бірлігімнің.
Сенімен сәнін ұқтым нұрлы күннің,
Сенімен әнін ұқтым құрлығымның.
Сенімен жетіп арман асылына,
Сенімен жыр ақтардым ғашығыма.
Сенімен ұқсап көктем жасынына,
Үн қаттым келер қымбат ғасырыма.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!


Пікірлер (2)

Наргиза

Жақсы

Руза

Абдрахман Асылбектың «Қазақ тілім» өлеңі туған тілдің қадірі мен маңызын керемет жеткізеді. Бұл шығарма қазақ әдебиетінде тілге деген құрмет пен рухани байлықты дәріптейтін құнды туынды.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ тілім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қазақ тілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қазақ тілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ тілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері