Басым сынып барады, басым сынып
- 0
- 0
Басым сынып барады, басым сынып,
Жарым отыр жанымда жасын сығып...
Құбыжыққа айналған қоғам мынау
Барлық сөлін ап қойған ғасыр сығып.
Бұл бетте «Неге екенін білмеймін» атты Самал Қожабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басым сынып барады, басым сынып,
Жарым отыр жанымда жасын сығып...
Құбыжыққа айналған қоғам мынау
Барлық сөлін ап қойған ғасыр сығып.
Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып,
Өзге нәрсе жұтқан ба ақылымды анық.
Күлігіме қамшыны баса алмай келем,
Мұнша жерге келіп ем тақымым талып.
Өлеңге ауды бүгін тағы толғағым,
Өлең еді туғаннан-ақ қорғаным.
Мына заман бетпақ, арсыз, байдікі,
Кедей ақын жырлап өтер ел қамын.
Толқынына телміріп ұлық Сырдың,
Көріп келем жасымнан қырық сүргін.
Нем бар менің қазақтай ұлттан бөлек
Сол себепті ұлыған ұлтшылмын.
сарсенбаев Сүйепберген
кім шығарған